Қазақстанның негізгі капиталына салынған инвестиция 34% өсті

Бұл тау-кен өндіру саласын есепке алмағандағы көрсеткіш.

Енді салық жүйесіне жасалған реформалар елдегі инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарта түсуі тиіс. Бүгін Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен Инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Оған АҚШ, Еуроодақ, Канада, Ұлыбритания мемлекеттерінің және алпауыт компаниялардың өкілдері қатысты. Жалып өңдеу өнеркәсібінде салынған инвестиция 7,5 процентке, құрылыста 13, ауыл шаруашылығы саласында 2,8 процент өсім бар. Асқар Мамин реформаның нәтижесінде еліміздің салық жүйесі ашық әрі икемді болады. Қазақстан инвесторлар үшін сенімді мемлекет ретіндегі ұстанымын нығайтып, тиімді ұсыныстардың орындалуын қамтамасыз ететінін айтты.