Әлемде онлайн сауда дүркіреп тұр

Дамушы елдер тұрғындарының 90%-і азық-түлік өнімдерін интернет арқылы сатып алуға бекініп отыр.

Сауалнамаға Үндістан, Қытай, Бразилия, Индонезия сынды 8 мемлекет қатысқан. Қолданушылар, әсіресе пандемия тұсында онлайн сауданың рахатын көргенін айтады. Жалпы былтыр әлемде жасалған интернет сатылымнан 900 млрд долларға көп қаржы түскен.

MASTERCARD ECONOMICS INSTITUTE сарапшыларының айтуынша, заманауи сауда түрін пайдаланатындар саны 30 процентке артыпты. Мысалы, АҚШ-та пандемияға дейін 11 процент болса, қазір 22 процентке жеткен. Мұндай сұранысқа тегін жеткізіп беру қызметі, түрлі акциялар мен жеңілдіктер, сондай нақты пікірлерді оқу мүмкіндігі әсер етіпті.

Сарапшылардың пайымынша, биыл интернет саудадан 5 трлн доллар түсуі мүмкін. Онлайн дүкендерден 2 трлн адам тауар сатып алады деген болжам бар.

Сондай-ақ...