Елорданың туристік кешенінде қандай нысандар орналасады?

Үкімет басшысы Асқар Мамин елордадағы арнайы экономикалық аймақта салынып жатқан көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді.

Аумағы 2,6 миллион шаршы метр болатын кешенде аквапарк, ойындар аймағы, саябақтар, қонақ үйлер, әлеуметтік және тұрғын үй инфрақұрылымы және тағы да басқа нысандар орналасады. Инвестор қаржысы тартылған жобаның жалпы құны 1 трлн теңгеден асады. Кешеннің 29 гектарын 2022 жылдың соңында пайдалануға беру көзделген. Жобаны іске асыру барысында 21,3 мың уақытша және 2 мың тұрақты жұмыс орны құрылады. 

Үкімет басшысы жаңа ауданға қажетті инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жеткізуді қамтамасыз етуді және барлық құрылыс жұмыстарын жоспарланған мерзімде сапалы орындауды тапсырды.