Елордадағы Mega Silk Way сауда орталығында GALMART супермаркеті ашылды

Елордадағы MEGA SILK WAY ойын-сауық орталығында GALMART супермаркеті ашылды. Сауда орны қазірдің өзінде тұтынушыларға әртүрлі тауар ұсынып,  жоғары дәрежедегі қызметімен қуантып үлгерді.

MEGA SILK WAY жанында тұратындар Galmart супермаркетінің ашылуын тағатсыздана күтті.

Гүлназ Шыныбекова, қала тұрғыны:

- Біз отбасымызбен Мега-да сүйікті супермаркетіміздің ашылғанын асыға күттік. Ұзақ және асыға күттік. Осы Мега-ға отбасымызбен балаларға киім-кешек, ұсақ-түйектер алу үшін әрдайым келетінбіз.  

Супермаркет 2800 шаршы метрді алып жатыр. Бұл санитарлық талаптарды ұстанып, арақашықтықты сақтауға мүмкіндік береді. Ал, ұсынатын тауарлар түрі әралуан. Яғни, танымал брендтердің өнімдерінен бастап, сауда орны өзі шығаратын тағамдарға дейін қойылған.  Тамақтану орны да қарастырылған.

Әдина Шахбутова, Galmart желісінің Бас директоры:

- Ұсынылатын тауарлар мен қызметтердің тізімін жасап, арнайы ақпараттық тақта қойдық. Тұтынушы үшін өте қолайлы. Әсіресе, әртүрлі меркелік шаралар мен отбасылық мейрамдарға қажеттінің бәрін табуға болады. 

Бұл танымал сауда желісінің бір бөлігі ғана. Ал ең үлкен GALMART супермаркеті 15 маусымда Алматыда ашылады деп жоспарланып отыр.

Айдын Қайымов, «MEGA» ОСО желісінің бас директоры:

- Нарықтағы алпауыт ойыншылар «MEGA» ойын-сауық орталығын таңдап, бизнестерін кеңейтіп жатыр. Бұл біздің сауда орындары заман талабына сай және әбден бәсекеге қабілетті екенін білдіреді. 

«Көбірек сатып ал, азырақ төле». Дәл осындай атаумен  GALMART супермаркетінде акция жүріп жатыр. Бұл үлкен отбасылар үшін өте тиімді. 

Авторлар: Аслан Қаженов, Марат Диханбаев