Газдың көтерме сауда құны 15 процентке қымбаттауы мүмкін

Мұны Энергетика министрлігі хабарлады. Ел ішіндегі газ магистральдары Кеңес үкіметінің кезінде салынған. Дені тозған. Тек соңғы бес жыл ішінде елдің газ тасымалдау жүйесінде шамамен 67 мың ақау анықталған екен.

Бүгінгі күні соның тек 9 мыңы жөнделіпті. Неге? Себебі тарифтерді өсіруге жол берілмеді.

Сала мамандарының айтуынша, осыдан ақау көбейіп, көгілдір отын тасымалдайтын инфрақұрылым ескірген. Енді Энергетика министрлігі ішкі нарықта тауарлық газдың көтерме сауда бағасын, оның ішінде тауарлық газды өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар үшін 2021 жылдың 1 шілдесінен бастап 2022 жылдың 30 маусымына дейін шекті бағаны бекітуді жоспарлапты. Осылайша тауарлық газдың шекті көтерме сауда құнын 15 процентке дейін ұлғайтуды көздейтін бұйрық жобасы дайындалған. 

Зейнетақы қоры қызметтеріне сұраныс екі есеге артты. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2021 жылдың басынан бірінші сәуір аралығына дейін салымшыларына 9 миллион 600 мың қызмет көрсеткен. Бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге көп. Ал енді осы қызметтердің 91 проценті яғни 8 миллион 900 мыңы электронды нұсқада көрсетілген. Онлайн қызметтерге сұраныс та екі есеге өсіп отыр.

Сондай-ақ...