429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ArcelorMittal компаниясы 2024 жылы қалдықтарды 30% азайтады

  • 134
  • UPD: 00:55, 29.04.2021
ArcelorMittal компаниясы 2024 жылы қалдықтарды 30% азайтады фото: kursiv.kz/news

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ArcelorMittal компаниясының атқарушы төрағасын қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Лакшми Миттал Президентке компанияны дамыту жоспары жөнінде баяндады. Өндірісті жаңғыртуға және экологиялық көрсеткіштерді едәуір жақсартуға бағытталған жаңа инвестициялық бағдарламаны таныстырды. Кездесу барысында ауаға шығарылатын қалдықтарды 2024 жылға қарай 30%-ке азайту жөніндегі жоспарға баса мән берілді. Президент еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп, оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу, жаңа жұмыс орындарын ашудың маңызына тоқталды. Мемлекет басшысы компания жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуы керек екенін атап өтті.

Президент еңбек өнімділігін арттыру, жоғары сапалы өнеркәсіптік өнімнің түрлерін көбейтіп, оның экспортын ұлғайту, заманауи технологияларды енгізу, сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ArcelorMittal компаниясы өзі жұмыс істеп жатқан қалалардың әлеуметтік дамуына белсенді атсалысуы, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігі салалары бойынша ең жоғары стандарттардың сақталуы маңызды екенін айтты.

Хабар 24 телеарнасы