427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ЕҮК отырысында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бекітілді

  • 137
  • UPD: 20:16, 30.04.2021
ЕҮК отырысында өнеркәсіптік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бекітілді

ЕАЭО дағдарыстан кейінгі қалпына келу кезеңіне қадам басты.

Бұл туралы Еуразиялық үкіметаралық кеңес отырысына төраға ретінде қатысқан Асқар Мамин айтты. Премьер-министрдің айтуынша, қаңтар-ақпан айларында одақтың өзара саудасы 9 млрд долларды құрады. Бұл былтырғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6,8%-ға артық. Ал биыл Қазақстан, Ресей және Біріккен Араб Әмірліктерінің тікелей инвестиция қорлары арасында тең инвестициялау туралы келісім жасалды. Өткен жылы ЕАЭО аумағы арқылы Қытай-Еуропа-Қытай бағыты бойынша контейнерлік тасымалдар 64% өсті. Биылғы көрсеткіш 133% артқан. Осы орайда өнеркәсіптік ынтымақтастықтың алдағы 5 жылға негізгі бағыттары бекітілді. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық комиссия мен Өзбекстан Үкіметі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Хабар 24 телеарнасы