Ақтөбеде бензин бағасы өсті

Ақтөбеде бензин қымбат. АИ-92 маркалы жанармай құны кейбір станцияларда 170 теңгеге дейін жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың айтуынша, баға соңғы 2-3 аптада өсіп отыр. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің өңірлік департаменті өкілдері бұл жайтты «нарық талабы» дейді. Яғни, тұтынушыға литрі 158 теңгеден бастап 170 теңгеге дейін ұсынылған. Ал бензин құнының бұлай шарықтауын көтерме бағасының қымбаттауымен түсіндіреді. Сондықтан тексеріс жүргізіледі.

Жалғас Нәби, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің облыстық дерартаметінің бөлім басшысы:

- Біз бөлшектеп сату нарығын сараптадық. Бағаны негізсіз өсіру дерегі анықталмады. Сондықтан көтерме сауда нысандары тексерілетін болады. Қазір тиісті сараптама жұмыстары жүргізілуде. Егер бәсекелестік туралы заң талаптары бұзылғаны анықталса, тиісті шара қолданылады.