2021 жылға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасы нақтыланды

Нақты өзгерістер «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын, Мемлекет басшысының стратегиялық бастамалары мен тапсырмаларын қаржылық қамтамасыз ету және COVID-19-бен күресуге бағытталған.

Республикалық бюджет түсімдері биыл 1,1 трлн теңгеге ұлғайып, 12,6 трлн теңгені құрайды. Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қарағанда 3,5 процентке тең болады, яғни 149 млрд теңгеге өседі деп болжанып отыр. 884 млрд теңге «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыруға бөлінбек. Сол арқылы жол салу, агроөнеркәсіп кешенін дамыту, халықтың тұрғын үй жағдайын жақсарту, таза ауыз сумен қамтамасыз ету сынды жұмыстар жүзеге асады. Ал коронавируспен күреске бюджеттен 265 млрд теңге қарастырылады.