Алматы мен Қытайдың Чэнду қаласы ынтымақтастық орнатты

Алматы мен Чэнду арсында ынтымақтастық орнады. Еліміздің оңтүстік астанасының әкімі Бақытжан Сағынтаев пен Сычуань провинциясының губернаторы Хуан Цян осындай меморандумға қол қойды.

Бейнеконференция түрінде өткен салтанаттты шараға Қазақстанның Қытайдағы елшісі Ғабит Қойшыбаев пен Алматыдағы Қытай елі бас консулының міндетін атқарушы Мяо Хунбо қатысты. Тараптар логистика, көлік, сауда және мәдени-гуманитарлық салалардағы серіктестікті дамытуға ниетті. Қазірдің өзінде Чэндуден Алматыға аптасына бір рет тікелей әуе рейсі қатынайды. 

Юань Хунлин, Сычуань провинциясы шетел істері кеңсесінің департамент директоры:

- Алматы мен Чэнду қалалары арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою салтанаты өтті. Келісм-шарт нәтижесінде екі жақты байланыс нығайып, қос шаһардың гүлденіп дамуына  үлес қосатынына сенімдіміз. 

Айта кетейік, 91 миллион тұрғыны бар Сычуань провинциясы Қытайдың оңтүстік-батысында орналасқан. Бұл аймақ осы елдің батыс бөлігінің ғылыми-техникалық және экономикалық орталығы саналады. Былтыр Сычуань Қытай провинцияларының арасында ішкі жалпы өнім өсімі бойынша алдыңғы орынды иеленген.