Қазақстанға дәнді дақылдардың 70% шетелден әкелінеді

Сондай-ақ сенаторлар еліміздегі импорттық өнімдерге тоқталды.

Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Қазақстан импорттық тауарларға толық тәуелді деді. Елімізде себілетін дәнді дақылдардың 70 проценті басқа елдерден әкелінетінін айтқан депутат, бізде тұқым шаруашылығымен айналысатын мамандар да тапшы екенін айтты. Мемлекеттен ғалымдарға ақша бөлінбейді. Ал басқа елден келген дәнді дақылдар біздің климатқа бейімделе қоймайды. Соның кесірінен сапасыз өнім аламыз деп ашынды сенатор.

Ақылбек Күрішбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Бүгінде біз сорттар мен гибридтердің шамамен 70 процентін, тіпті бірқатар дақылдардың 100 процент шетелден алатындай мүшкіл хәлге жеттік. Сырттан әкелінген сорттардың көпшілігі біздің климаттық жағдайымызға бейімделмеген. Жетекші аграрлық елдердің ешқайсысында мұндай жүйелік қателіктер жіберілмейді.