427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде цифрлық теңге қолданысқа енгізілуі мүмкін

  • 359
  • UPD: 13:42, 14.05.2021

Қазақстанда цифрлық теңгенің енгізілуі банк қызметтерінің сапасын арттыруға көмектеседі.

Еуразиялық даму банкінің төрағасы Николай Подгузов солай дейді. Қарапайым тұтынушылар бұл тұрғыда опық жемесі анық. Өйткені электронды ақшаны жинап инвестициялау тиімді. Оның үстіне оны кәдімгі ақша ретінде қолдана беруге болады. Десе де, тәуекелдерді ұмытпау қажет. Сондықтан Николай Подгузов бастаманы жүйелі сараптап алуға кеңес береді. Ең алдымен, киберқауіпсіздікті жетілдірген жөн. Себебі жүйеден деректердің тарап кету қаупі бар.

Хабар 24 телеарнасы