Қазақстандықтар нормадан артық жұмыс істейді

Қазақстандықтар нормадан артық жұмыс істейді

Қазақстанда 1,4 миллионға жуық адам аптасына 40 сағаттан артық жұмыс істейді.

Мысалы, тау-кен өнеркәсібінің 85 мың қызметкері аптасына 40 сағаттан астам жұмыс істейді. Жылжымайтын мүлік саудасымен айналысатын 42 мың мың адам, қонақүйлер мен қоғамдық тамақтану саласында 43 мың адам аптасына 40 сағаттан артық еңбектенеді.

Ұлттық статистика бюросы бұл тізімге басқа да сала қызметкерлерін кіргізген.

Атап айтсақ, көлік, құрылыс, бөлшек саудамен айналысатындардың 20 проценттен астамы белгіленген нормадан артық жұмыс істейді.

Еске салайық, еліміздің еңбек кодексіне сәйкес қалыпты жұмыс уақыты аптасына 40 сағаттан аспауы тиіс.