Алты жыл ішінде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 25% өсті

Алты жыл ішінде Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 25% өсті.

«ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорт 2015-2020 жылдары 25% немесе 5,1-ден 6,4 млрд долларға дейін өсті: Ресейге – 25%, Беларуське – 2 есе, Қырғызстанға –20%, Арменияға – 6 есе», - деп хабарлады сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова ОКҚ брифингінде.

Вице-министр хабарлағандай, ЕАЭО-да өзара сауда көлемін ұлғайтуға кедендік декларациялауды, сәйкестік сертификаттарын, ветеринариялық және санитариялық құжаттарды өзара тануды алып тастау есебінен экспорт кезінде құжаттық жүктемені төмендету сияқты бизнес үшін шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, экспорттық тауарлардың ассортименті өзгерді және кеңейді.

«Егер тәуелсіздік алған алғашқы жылдары біздің посткеңестік кеңістіктегі әріптестеріміз бізді қалыптасқан дәстүр бойынша шикізат тауарларын көмірді, астықты, металдарды жеткізуші ретінде қарастырса, ЕАЭО жұмыс істей бастағанда біз өңделген өнімді әріптес елдердің нарықтарына жеткізуді ұлғайттық», - деп хабарлады вице-министр.

2015-2020 жылдары ЕАЭО елдеріне шикізаттық емес тауарлар экспортының өсуі – 35% (2,8-ден 3,7 млрд АҚШ доллары). Жалпы, қазақстандық экспорттың шамамен 10%-і ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге жіберіледі. Бұл көлемдердің 58%-і – өңделген өнім.

2020 жылы ресейлік сауда желілеріне жеміс-көкөніс өнімдерін жеткізу 2,3 млрд АҚШ доллары. Сауда министрлігінің деректері бойынша азық-түлік өнеркәсібінің өнімдерін жыл сайын Ресей нарығына жеткізуді арттыру әлеуеті 100 млрд теңгеден асады.

Ақпарат көзі: Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі