ЕАЭО-да тауарларды қадағалау жүйесі енгізіледі

Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды қадағалау жүйесі енгізіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол үшін құқықтық база құрылды. Сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердегі мемлекеттік сатып алу толыққанды цифрландырылады. Мониторинг барысында Қазақстан Республикасының жалған резиденттерінің атына тауар-көлік жүкқұжаттарын рәсімдеп, мәліметтерді дұрыс бермеу сынды схемалар анықталғанын атап өтті. Яғни, Одақ елдерімен бірлесіп, тауарға ілеспе құжаттардағы мәліметтерді анықтап, үшінші елдерден әкелінген өзара саудадағы тауарларды қадағалау керек.