Түбіртек бермеген сауда нүктесі жөнінде хабарлаған адамға сыйақы беріледі

Түбіртек бермеген сауда орындары жөнінде хабарлаған қазақстандықтарға енді 1000 теңге мөлшерінде сыйақы беріледі.

Үкімет басшысы Асқар Мамин тиісті қаулыға қол қойды. Құжат бақылау-кассалық машиналардың жұмысын реттеуге бағытталған. Оған сай сауда нысандары төлемді картамен жасаған сатып алушыға түбіртек беруге міндетті. Сыйақы хабарлаған азаматтың ұялы телефон номеріне жіберіледі. Әрі мемлекеттік бюджеттен бөлінеді. Тиісті өзгерістер 2021 жылдың 28 мамырынан бастап күшіне енеді.