Жоғары санаттағы үйлер қымбаттайды

Құрылысқа кеткен жабдықтардың 60 проценті пәтер құнына қосылады. Яғни құрылыс материалдарының қымбаттауы элит және бизнес санаттағы үйлерге де тікелей әсер етеді.

Жылжымайтын мүлік федерациясының президенті Ермек Мүсіреповтің айтуынша, баға жыл соңына дейін 15 процентке өсуі мүмкін.

Еліміздегі құрылыста пайдаланылатын жабдықтардың 70 процентке жуығы шетелдік өнім. Көрші Қытай мен Ресейден тасымалданатын болат арматура соңғы жылдары 130 процентке қымбаттаған. Енді замануи үлгідегі ақылды үйлерге қажет технологияны қосыңыз. Яғни шығынның сыры белгілі болды.

Сондай-ақ...