427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық бизнес Amazon платформасына шыға алады

  • 342
  • UPD: 20:20, 24.05.2021
Қазақстандық бизнес Amazon платформасына шыға алады

Енді қазақстандық кәсіпкерлер Amazon платформасында сауда жасай алады.

Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов хабарлады.

«20 мамырдан бастап Қазақстан әлемдегі ең ірі электронды коммерция платформаларының бірінде сауда жасауға рұқсаты бар елдер тізіміне енгізілді. Отандық кәсіпкерлерге Amazon сайтында барлық операцияларды жүргізу үшін заңды тұлға ретінде тіркеліп, банктік шот ашу басты мәселе болды. Бірақ қазір біз бұл қиындықтарды еңсердік. Қазақстандық кәсіпкерлер төлемді тікелей қазақстандық банктер арқылы алып, өз еліміздің атынан сауда жасай алады. Қазақстанды енді сатушы елдердің тізімінен табуға болады» - деп жазды министр фейсбуктегі парақшасында.

Amazon ең танымал сайттардың бірі. Платформада әлемнің 200-ден астам елі мен жүз миллионнан аса клиенті бар. Өткен жылы Amazon-ның таза кірісі 386 миллиард долларды құрады.

Министрдің айтуынша, бұл қазақстандық тауарлардың экспорт аумағын кеңейтуге жасалған үлкен қадам.

Хабар 24 телеарнасы