«Қазатомөнеркәсіп» 221 млрд теңге қаржы тапты

Елбасы «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевқа ұлттық компанияның былтырғы атқарған жұмысы жайлы баяндалды. Жаһандық пандемияға қарамастан компания 2020 жылдың жоспарын артығымен орындаған. Түсім – 587,5 миллиард теңге, ал таза пайда 221 миллиард теңгеге жеткен. Компанияның 2018-2021 жылдар кезеңіндегі дивидендтерінің жалпы сомасы 491 миллиард теңге.