427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Пандемия банк секторын қадағалау процесін өзгертті

  • 141
  • UPD: 15:57, 27.05.2021

Пандемия еліміздің банк секторын қадағалау процесін айтарлықтай өзгертті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қаржы ұйымдарын тексеру онлайн форматқа көшірілді. Нәтижесінде банктер өз есептерін уақтылы өткізуге мүмкіндік алды. Астана халықаралық қаржы орталығы комиетінің бас директоры Мұхтар Бөбеевтің айтуынша, қазір мұндай өзгерістер ауадай қажет. Осы орайда бүгін еліміз Орталық және Шығыс еуропадағы банк өкілдерімен онлайн форматта кездесу ұйымдастырып, өзара тәжірибе бөлісуді жөн көрді. Жиынға 26 мемлекеттің өкілдері қатысты. Мұндай конференция тек пікір алмасып қана қоймай, Қазақстанға инвесторлар тартуға мүмкіндік беретін алаңдардың бірі.  

Мұхтар Бөбеев, АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің бас директоры:

– Былтыр біз пандемияға байланысты банктерге бірқатар жеңілдік бердік. Қаржы ұйым қызметкерлері қашықтан жұмыс істегендіктен, уақтылы есеп беруге үлгермей жатты. Біз есеп беру мерзімін ұзартып, оны онлайн форматта тапсыруға рұқсат бердік. Бұрын біз тексерістерді кеңсеге барып жүргізсек, қазір бәрін цифрландырдық. Бұл қос тарапқа да өте ыңғайлы.

Хабар 24 телеарнасы