Қостанай тұрғындарының су үшін қарызы 45 млн теңгеге жетті

Қостанай тұрғындарының су үшін қарызы 45 млн теңгеге жетті

Қостанайлықтардың коммуналдық төлемдерге қарызы қордаланып барады. Ауыз су үшін қарыз 45 млн теңге болған.

Коммуналдық кәсіпорын борышкер абоненттерді судан ажыратып жатыр.

Мамандардың айтуынша, басқа амал қалмады. Қарыздың өсуі пандемиямен бірге басталған. Былтыр тұрғындардың ауыз суға берешегі 50 млн теңгеге жеткен екен. Қалалық әкімдік  15 млн 700 мың теңгесін өтеп бергенімен мәселе әлі де шешілер емес.

Виолетта Ермолова, «Қостанай-су» коммуналдық кәсіпорнының баспасөз хатшысы:

- Тұрақты жұмыстың жоқтығы мен табыстың азаюы тұрғындарды қарызға белшесінен батырып жатыр. Карантин шектеулеріне орай кәсіпорындардың көбі жабылып қалды. Бүгінде заңды тұлғалардың бізге дебиторлық қарызы 9 млн теңгеден асып түседі.