2020 жылы оқу бітірген түлектердің 71% жұмыс тапқан

Жоғарғы оқу онын бітірген түлектердің 20 мыңы әлі күнге дейін жұмысқа орналасқан жоқ.

Бұл туралы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының өкілдері жариялады.

Айтуынша, былтырғы оқу жылында диплом алғандардың 71 проценті ғана жұмыс тапқан. Бұған пандемия да кері әсерін тигізді. Өйткені шағын кәсіпкерліктің табысы азайып, қызметкерлер саны 11 процентке кеміді. Кәсіпкерлер палатасының зерттеуіне қарағанда қазір елде жүргізуші, есепші, құрылысшы сынды мамандарға сұраныс жоғары.