Петропавлда ұлттық киімге сұраныс бар ма?

Петропавдық жас кәсіпкер ұлттық киімді насихаттайтын сән үйін ашты.

Зарина Мавляни «Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында қайтаруға жатпайтын 5 млн теңге көлемінде грант ұтып алып, озық үлгідегі, жаңа технология санатындағы тігін машиналарын сатып алды. Он саусағынан өнер тамған шебер бала күнгі арманына жетуідің жолын тауып, ісін жүйеге түсірді. Бұрын Зарина тек өз қолына сенетін. Қаржы тапшылығы техника сатып алуға тұсау болды. Қазір кәсіпкер мемлекет грантының игілігін көруде. Әрі тапсырыс бойынша шапан, көйлек, тақия, сәукеле секілді ұлттық киімдерін тігеді. Тұтынушылары да бар. Тойға арналған кәдесыйлар түрін ұсынады. Оны да өзі тігеді.

Зарина Мавляни, дизайнер:

- Менің шығармашылық жолым осыдан 7 жыл бұрын басталды. «Бастау бизнес» жобасы бойынша берілген қаржыға алғашқы тігін машинасын сатып алдым. Қазақстанның үздік дизайнерлерінен тәлім алып, сүйікті өнерімді кәсіпке айналдырдым. Бұл жағынан мемлекет көп көмек көрсетті.