Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады

Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидовпен елдер арасындағы сауда қатынастарын нығайту мәселелері бойынша кездесті.

Бақыт Сұлтанов Өзбекстан Қазақстанның Орталық Азиядағы негізгі сауда серіктесі екенін атап өтті. Мәселен, ағымдағы кезеңдегі статистикалық деректер тауарлар саудасы көлемінің үдемелі қалпына келуін растайды.

«Тек 2021 жылдың қаңтар-сәуір айларында тауар айналымы $1,2 млрд-ты құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінің көрсеткішінен 41,3% жоғары ($0,8 млрд.). Экспорт 54% өсіп, $899,2 млн-ды құрады, импорт 11% артып, $272,0 млн-ды құрады», - деп хабарлады Бақыт Сұлтанов.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап Өзбекстан импортқа акциздерді қолданбайтынын атап өту қажет. Осылайша, 2021 жылдың 4 айы ішінде Қазақстаннан Өзбекстанға акцизделетін тауарлар экспортының 85 тауар позициялары бойынша (СЭҚ ТН 10 белгісінде) $50,3 млн сомасына 74,3% өскені байқалады, 2020 жылдың ұқсас кезеңінде осы тауарлар бойынша экспорт көлемі $28,9 млн құрды.

Сонымен қатар тараптар 2021 жылғы 10 сәуірде ХСЭЫО капсуласын салу рәсімінің қорытындысы бойынша қол қойылған «Орталық Азия» халықаралық сауда-экономикалық ынтымақтастық орталығының қызметін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын» іске асыру барысын егжей-тегжейлі талқылады.

Тараптар Тұжырымдама жобасын талқылау және келісу бойынша мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдар қатарынан қалыптастырылған екіжақты Жұмыс тобы шегінде келіссөздерді қарқындатудың қажеттілігін атап өтті.

Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов құрылып жатқан ХСЭЫО жобасының, оның ішінде оларға «қолайлы орын ауыстыру қағидатын» туғыза отырып, екі елдің еңбек ресурстарын тарту арқылы экспортқа бағдарланған өнімді өндіру жөнінде кооперациялық жобаларды оның алаңында құру бойынша үлкен әлеуетін қайталап атап өтті.

Өз кезегінде Өзбекстан Республикасы инвестициялар және сыртқы сауда министрінің орынбасары Бадриддин Абидов «ХСЭЫО» жобасы аясында Өзбекстан барлық сауда кедергілерін жоюға және өзара сауданы күшейтуге дайын екенін хабарлады.

Тараптар сондай-ақ көтерме-тарату мен логистикалық орталықтарды жаңадан құру және қолданыстағыларды интеграциялау негізінде бірлескен тауар өткізу желісін қалыптастыру мәселесін талқылады.

Б.Сұлтанов Өзбекстан мен Ауғаныстан шекарасында «Термез» халықаралық сауда орталығы жобасын іске асыруға қазақстан тарапының қатысуына мүдделілігін білдірді.

Кездесудің қорытындысы бойынша мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты додан әрі амыту мақсатында, сондай-ақ ынтымақтастық үшін әлеуеттің бар екенін атай отырып, тараптар үш құжатқа: «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы сауда қатынастарын дамыту мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға», «Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Өзбекстан Республикасының Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға», «Тауар өткізу жүйесін құру бойынша жобаны бірлесіп іске асыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға» қол қоюға келісті.

Ақпарат көзі: ҚР Сауда және интеграция министрлігі баспасөз қызметі