427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Былтыр елде 77 мың көлік құрастырылды

  • 144
  • UPD: 22:01, 02.06.2021
Былтыр елде 77 мың көлік құрастырылды

Былтыр елде шамамен 80 мың автокөлік құрастырылған. Машина жасау саласындағы өсім көрсеткіші 20 процент.

Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов хабарлады. Биыл көлік өндірісінің көлемі 5 процентке өскен.

Салаға жауапты ведомство мәліметінше, Қазақстанда көліктің 160-тан астам үлгісі шығарылады. Алайда ондағы қосалқы бөлшектердің жартысынан астамы сырттан әкелінеді.

Хабар 24 телеарнасы