426,64 518.00 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің халықаралық резервтері 95 млрд долларға жетті

  • 180
  • UPD: 23:38, 03.06.2021
Еліміздің халықаралық резервтері 95 млрд долларға жетті фото: Akorda.kz

Еліміздің жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл 2016 жылдың қыркүйегінен бері болмаған жағдай. Себеп – алтын бағасы өсіп, инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түскен қаржы көлемі ұлғайған. Мұны Президент қабылдауында болған Ұлттық банк төрағасы айтты. Бұдан бөлек, Ерболат Досаев биылғы мамырда инфляцияның 7,2%-ке дейін өсуінің себептерін және биылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша болжамдарды жеткізді. Сонымен қатар банк жүйесіндегі теңгелік салымдардың өсуін, Ұлттық банк есебінен қаржыландырылатын дағдарысқа қарсы Президент бастамаларының орындалу барысын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа алтын бағасының өсуіне, сыртқы нарықтардағы қолайлы жағдайдың нәтижесінде инвестициялық кіріс пен Ұлттық қорға түскен қаржының артуына байланысты 2016 жылғы қыркүйектен бері алғаш рет Қазақстанның жалпы халықаралық резервтерінің көлемі 95 миллиард АҚШ долларына дейін жеткені айтылды. Ерболат Досаев Мемлекет басшысына биылғы мамырда инфляцияның 7,2%-ке дейін үдеу себептері және Ұлттық банктің биылға арналған негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша жаңартылған болжамдары туралы жеткізді.

Хабар 24 телеарнасы