427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресей ұлттық әл-ауқат қоры АҚШ долларынан бас тартты

  • 104
  • UPD: 10:21, 04.06.2021
Ресей ұлттық әл-ауқат қоры АҚШ долларынан бас тартты

Ресей ұлттық әл-ауқат қорында АҚШ долларын сақтаудан бас тартады. Сондай-ақ Ұлыбритания фунд стерлингінің үлесі 10-нан бес процентке төмендейді.

Валюта құрылымындағы өзгеріс алдағы бір айда іске асады. Бұл туралы көрші елдің қаржы министрі мәлімдеді.

Айтуынша, Қорда АҚШ-тың бір доллары да сақталмайды. Бұған дейін оның үлесі 35 процент болған еді. Есесіне еуро мен Қытайдың юаніне басымдық беріледі. Яғни қаржының 40 проценті, еуромен 30 проценті Қытайдың валютасында сақталады. Сондай-ақ алғаш рет Ресейдің ұлттық әл-ауқат қоры 20 процент байлығын алтынмен сақтауға бел байлады.

Айта кетейік, 1 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейдің ұлттық қорында 13,8 триллион рубль бар. Оның 40 миллиарды АҚШ долларымен сақталған. Қаржы министрлігінің мәлімдемесінен кейін Ресей қор нарығында доллар мен еуроның құны сәл төмендеген. 

Қазақстан қор биржасында АҚШ-тың бір доллары 427 теңге 99 тиын. Еуро 521 теңге 81 тиын. Ал Ресей  рублі 5 теңге 85 тиын деп белгіленді.

Хабар 24 телеарнасы