426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰЭМ: Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу бойынша іс-қимылдарды дәйекті түрде іске асыруда

  • 218
  • UPD: 15:24, 04.06.2021
ҰЭМ: Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу бойынша іс-қимылдарды дәйекті түрде іске асыруда Baribar.kz

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен өткізілген «Тұрақты болашақты қалыптастыру» ECOJER халықаралық конгресі барысында ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Әлібек Қуантыров «жасыл экономикаға» көшу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Вице-министр өз сөзінде 2013 жылы Қазақстанда «жасыл экономикаға» көшудің тұжырымдамалық шеңбері қабылданып, елдің 2050 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары іске қосылғанын атап өтті.

А.Қуантыровтың айтуынша, үкімет экономиканы жасыл етуге белсенді шаралар қабылдауда, бұл «дөңгелек экономикаға» жоспарлы көшуді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

«2020 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысы 2020 жылғы Климаттық амбициялар саммиті кезінде Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығын қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін жариялады. 2021 жылғы ақпанда екі негізгі құжат қабылданды: Мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесі және 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары», – деді А.Қуантыров.

Еліміздің Ұлттық жоспары туралы айта келе, спикер негізгі бағыттардың бірі барлық өңірлердің теңгерімді дамуы болып табылатынын атап өтті. 3 500-ден астам ауыл жаңа өңірлік стандарт бойынша жаңғыртылады. Бұл ауылдық өңірлердің дамуына жаңа серпін береді. Құрылыс көлемін ұлғайту және тұрғын үй инфрақұрылымын жақсарту жалғасады. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың, әсіресе өңірлердегі өмір сүру сапасын жақсартуға, сондай-ақ жергілікті бизнесмендерді қолдауға көмектеседі.

«Халықаралық қоғамдастықтың қолдауына сүйене отырып, біз шығарындыларды азайту және экономиканы декарбонизациялау бойынша ұзақмерзімдік стратегияны әзірлейміз, БҰҰ КӨНК-ге (Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясы) ұлттық деңгейде айқындалатын үлесімізді жаңартамыз және күшейтеміз. Біз сондай-ақ шығарындылардың салдарын жұмсартудағы күш-жігеріміз үшін маңызды негіз болып табылатын шығарындылар саудасы схемасын жетілдірудеміз», – деді ұлттық экономика министрінің орынбасары.

Сөзін қорытындылай келе, вице-министр әлемдік қоғамдастықпен тығыз ынтымақтастық қажеттігін және бүгінгі конференция «жасыл экономикаға» көшу бойынша іргелі ортақ мақсатқа бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылатынын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы