426,04 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанға шай қай елдерден келеді

  • 77
  • UPD: 13:17, 07.06.2021
Қазақстанға шай қай елдерден келеді

Бір жылда оның құны 12 процентке өскен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кофе бағасы да 5,3 процентке көтерілді. Әсіресе, Батыс Қазақстан облысында түйіршік шәй 25 процентке, Павлодарда 21, Шымкентте 19 процентке қымбаттады. Бағаның өсуіне бірнеше себеп бар. Соның негізгісі импортталатын шай бағасының шарықтауы. Мәселен, биыл бірінші тоқсанда 10,2 мың тонна шай мен кофе импортталды. Бұл ішкі нарықтың 70 процентіне жуық. Ал қазақстандық кәсіпорындар 6 жарым тонна шәй өндірді. Отандық өндірісте 20 процент өсім бар. Десе де бұл бағаны тұрақтандыруға жеткіліксіз. Жалпы, Қазақстанға шай қай елдерден келеді? Тізім басында Кения тұр. Биыл үш айда бұл елден 12 миллион 400 мың АҚШ долларына 3,6 мың тонна шай өнімдері әкелінген. Одан кейін Үндістан 10 миллион долларға, және көрші Ресейден 4 миллионға 700 тонна шай импортталған. Мамандар Үндістанда коронавирустың ушығуы және Бразилядағы қуаңшылыққа байланысты әлемде шай өндірісі азайып, бағасы қымбаттайды деген пайым жасап отыр.

Хабар 24 телеарнасы