Еуразиялық даму банкі: биыл Қазақстан экономикасы 4% өседі

Еуразиялық даму банкінің болжамы бойынша биыл Қазақстан экономикасы 4%-ке өседі.

Сарапшылардың пікірінше, карантиндік шектеулердің жеңілдетілуі, үкіметтің қаржылық саясатының жалғасуы және мемлекеттен кәсіпкерлерге берілетін қолдау елдегі экономикалық белсенділіктің қалпына келуіне әсер етеді. Мамандар әлем экономикасының 2021 жылы оңалуына үміт артып отыр және өсімі 6%-ке жетеді дейді. Алайда қуат көздері мен азық-түліктің қымбаттауы инфляцияға әкелуі мүмкін.

Николай Подгузов, Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы:

- 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан экономикасының өсімі шамамен 4 процент болады деп болжап отырмыз. Дегенмен, инфляция деңгейі өсуі мүмкін деген қауіп бар. Әлемде азық-түлік қымбатшылығы сәл бәсеңдей бастағандықтан Қазақстан Орталық банкінің 9 процент есептік мөлшерлемесі экономикалық өсімнің қарқыны мен инфляциялық қауіп арасындағы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.