427,82 518.00 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оңтүстік Корея Қазақстанмен судың сапасын бақылау тәжірибесін бөліседі

  • 62
  • UPD: 15:13, 08.06.2021
Оңтүстік Корея Қазақстанмен судың сапасын бақылау тәжірибесін бөліседі

Оңтүстік Корея Қазақстанға судың көлемі мен сапасын бақылау жөніндегі тәжірибесін бөліседі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі ел өкілдері бұл жоспарларды онлайн-келіссөздерде растады. Жобалардың бірі ретінде Нұра топтық су құбыры объектілерінде оңтүстіккореялық ауыз су жабдықтау процестерін цифрландыру және автоматтандыру технологиясы қолданылады. Бірлескен тағы бір жоба –  Арал – Сырдария бассейніндегі су бақылау ақылды жүйесі. Оны жүзеге асыру келесі айда басталып, 2022 жылдың аяғында аяқталады. Қазақстан су ресурстары комитетінің мәліметтері бойынша елімізде 18 мың шақырымнан астам су құбырлары жөндеуді қажет етеді. Су шығындары 36%-ке жетті.

Сим Ю Соп, Кореяның су серіктестігі корпорациясының атқарушы директоры:

- Бұл жоба Қазақстанда нақты уақыт режимінде жеткізілетін су көлемі мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Ақпарат Үкіметке немесе «Қазсушарға» жіберіледі. Кореяда мұндай бақылау жүйесі көптеген бөгеттерде, су қоймаларында және ірі өзендерде енгізілген. Кореялық тәжірибеге сүйене отырып, Қазақстанда жақсы су басқару жүйесін енгізуге болады.

Хабар 24 телеарнасы