Мамин Қашағандағы газ өңдеу зауытының құрылысын бастап берді

Қашаған кен орнында газ өңдеу зауытының құрылысы басталды. Салтанатты шараға ел премьер-министрі Асқар Мамин қатысты.

Бұл кәсіпорынның жылдық өндірістік қуаты 1 миллиард текше метр шикі күкіртті газды құрайды. Жоба еліміздің газ өңдеу саласын дамытуға серпін беріп, елді одан әрі газдандыру үшін ресурстық базаны кеңейтуге мүмкіндік береді. Үкімет басшысы Атырау облысына жасаған жұмыс сапарының барысында өңірдегі мұнай-газ химиясы және мұнай-газ машинасын жасау салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді. Мамин бекіре балығын өсіретін шаруашылықтың қызметімен танысты. Мұнда аз уақыттың ішінде өндіріс көлемін жылына 30 тонна балық еті мен 3 тонна уылдырыққа дейін жеткізу жоспарланып отыр.