426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Карантинге бағынбаған 80 мекеме жұмысын тоқтатты

  • 56
  • UPD: 21:16, 08.06.2021
Карантинге бағынбаған 80 мекеме жұмысын тоқтатты

Елде карантин талаптарын сақтамаған 80 мекеме жұмысын тоқтатты.

Жыл басынан бері мобильді топ 98 мыңға жуық рейд ұйымдастырған. Олар 600 мыңнан аса кәсіпкерлік нысанын тексеріпті. Нәтижесінде ережені елемеген 16 жарым мыңға жуық кәсіпкер анықталды. Санитарлық талаптар көбіне Шығыс Қазақстан облысында сақталмайды.

Түркістан және Алматы облыстарында індет өршіген тұста бұқпантайлап жұмыс істегендер табылды. Алматы мен Шымент қалаларында да ережені айналып өтетін кәсіпкерлер бар. Сот шешімімен 81 мекеме жұмысын тоқтатқан. Карантин талаптарын бұзғандарға 1,3 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Хабар 24 телеарнасы