Карантин кесірінен зардап шеккен 700 мың кәсіпкерге жеңілдіктер жасалды

Бұған қоса шағын және орта бизнеске несиені жеңілдікпен беретін бағдарламалар қайта қаржыландырылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осының нәтижесінде 40 мыңдай жобаға арзандатылған кредит берілді. Бұл туралы Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді. Оның айтуынша, бюджеттің басым бөлігі азаматтарды және нақты секторды қолдауға жұмсалды. Десе де, карантин шектеулеріне байланысты қызмет көрсету саласы 5,4 процентке кеміді. Ал жалпы ішікі өнім 2,6 процентке төмендеді. Бюджет түсімдері 12 триллион 49 млрд теңгені құрады. Шығыстар 14 триллион 234 млрд теңге болды. Оның 6 жарым триллионы әлеуметтік саланға жұмсалған. Бұл республикалық бюджеттің 47 проценте тең. Мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде.