425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«ҚТЖ» АҚ мен «DP World» жүк ағынын арттыру туралы келісті

  • 44
  • UPD: 18:32, 11.06.2021

Биыл төрт айда Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы алыс-беріс 276 млн долларды құрады.

Бұл былтырғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 13%-ке артық. Жалпы былтыр пандемияға қарамастан Біріккен Араб Әмірліктерінен елімізге тартылған инвестиция көлемі 12,3%-ке артып, 182 млн долларға жуықтаған екен. Бұл туралы Қазақстанның премьер-министрі Асқар Маминнің Араб Әмірліктері азық-түлік қауіпсіздігінің министрі Марьям аль Мухейримен кездесуінде айтылды. Басқосуға БАӘ-нің ірі бизнес өкілдері де қатысты. Тараптар сауда-экономикалық, қаржы-инвестициялық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіп, энергетика және өзге де саладағы ынтымақтастықтың жай-күйін талқылады. Келіссөз қорытындысы бойынша «Қазақстан Темір Жолы» ҰК» Акционерлік қоғамы мен «DP World» компаниясы Қазақстанның жүк ағынын арттыру және көлік-логистикалық инфрақұрылымын дамыту бойынша ниеттестік туралы хаттамаға қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы