425,78 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Петропавлда бензин бағасы тағы өсті

  • 68
  • UPD: 19:38, 11.06.2021
Петропавлда бензин бағасы тағы өсті

Петропавлда араға бір апта салмай жатып, бензин бағасы тағы өсті.

Қазір АИ 92-нің литрі 185, АИ 95-тің литрі 201 теңге. Бүгін таңертең кейбір бекеттерге осындай баға тұрды. Тек 3 оператор бағаны өзгертпеген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі департаментінің мамандары бағаның негізсіз қымбаттағанын анықтаған еді. Кәсіпорындарға тиісті ескерту жасалып, жанар-жағармай 170 теңгеге дейін арзандаған. Бірақ ұзаққа бармады.  

Қала тұрғыны:

- Бензиннің тағы да қымбаттағанына таңқалмаймын. Өткен апта барып келдім, елорданың өзінде арзан.

Хабар 24 телеарнасы