Қазақстанда туризм саласын қолдауға 164 млрд теңге жұмсалады

Туристік нысан салуға кеткен шығынның 10 проценті кәсіпкерге қайтарылады. Бірақ жаңа жоба мемлекет қойған талапқа сай болуы шарт.

Мәселен, үш мегаполисте қонақ үй 100 орыннан кем болмауға тиіс. Ал өзге өңірлерде кемінде 30 адамды орналастыра алатын болуы керек. Сондай-ақ жол бойында қызмет көрсететін орталық ашқан кәсіпкерлерге де субсидия беріледі. Ол жерде жолаушы тамақтанып, қаласа қона жататын және көлігін тексертіп алатын мүмкіндік жасалуы керек. Өйткені тас жолдардың бойында мұндай нысандар жоқтың қасы. Туристердің жайлы қатынасын қамту үшін көлік аламын деген кәсіпкерлерге де көмек бар. Яғни 8 адамнан көп жолаушы тасымалдайтын автокөлік сатып алғандар туристік компанияларға шығынның 25 проценті қайтарылады. Саланы дамыту бағытындағы осы және өзге де жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджеттен 164 миллиард теңге бөлінген. Қаржыны игеру келесі жылдан басталып, бес жылға созылады.

Ержан Еркінбаев, KAZAKH TOURISM Басқарма төрағасы:

- Біздің есебіміз бойынша аталған жобалар ел экономикасына 135 миллиард теңге қосымша кіріс әкеледі. 170 мың жұмыс орындары ашылады. Мыңнан астам жаңа жобалардың жүзеге асуына сеп болады. Бұл саланың дамуына, және инвестицияны көптеп тартуға мүмкіндік беріп, елдің ішкі жалпы өнімінде туризм саласының үлесін 8 процентке дейін жіткізуге жағдай жасайды.

Сондай-ақ...