425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандықтардың жалақысы 232 мың теңгеден асты

  • 198
  • UPD: 16:24, 15.06.2021
Қазақстандықтардың жалақысы 232 мың теңгеден асты NewTimes.kz

Қазақстандықтар көп табыс таба бастады. Ұлттық статистика бюросында осылай есептеді, деп хабарлайды LS.

2021 жылдың мамыр айының қорытындысы бойынша бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 232 347 теңгені құрады.

Өткен жылдың күзінен бастап деңгей өсуде. Қазан айында бұл көрсеткіш 209 818 теңгеге, қарашада – 211 033, желтоқсанда – 220 848, 2021 жылғы қаңтарда – 222 261, ақпанда – 223 213, наурызда – 224 715, сәуірде – 231 319 теңгеге жетті.

Бұл ретте халықтың жан басына шаққандағы орташа атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 2021 жылғы сәуірде 124 132 теңгені құрады, бұл 2020 жылғы сәуірге қарағанда 10,1%-ға жоғары. Ал нақты ақшалай табыс көрсетілген кезеңде салыстырғанда 2,9%-ға өсті.

Сондай-ақ, бюрода 2021 жылдың І тоқсанында жұмыссыздар саны 451,3 мың адамды құрағанын еске салды. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшіне қарағанда 4,9%-ға жетті.

«Жұмыспен қамту мекемелерiнде жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2021 жылдың мамыр айының соңында 222,7 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,4%-ды құрады», – деп хабарлады бюрода.

Хабар 24 телеарнасы