424,46 504.55 5.81
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Отандық диірмендердің тең жартысы банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатты

  • 167
  • UPD: 17:30, 16.06.2021
Отандық диірмендердің тең жартысы банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатты

Мәжіліс депутаты Айбек Паяевтің айтуынша, қазір ұн өндірушілеріне мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек. Өйткені біздің кәсіпкерлер шектеулер мен кедергілердің кесірінен бәсекеге қабілетті болмай қалуы мүмкін.

Көрші Өзбекстан елі өзінің азаматтарына түрлі жеңілдік беріп, бұл нарықтағы көшбасшылардың біріне айналмақ. Теміржол операторлары да астықты үздіксіз тасымалдау процесін қамтамасыз ете алмай жатыр. Депутаттың айтуынша, ұн өндірісі экономиканың басқа секторларын да дамытуға сеп болады. Сондықтан бұл мәселені назардан тыс қалдыруға болмайды.

Айбек Паяев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өзбекстан ұн тарту саласын дамытып, диірменді кәсіпорындар салды. Қазақстаннан баратын бидайға қосымша құн салығын алып тастады. Ал ұнға, керісінше баж салығын қосты. Ұн тасымалдаушыларға теміржол тасымалының ставкасын жеңілдетті. Өздеріне 20 доллар, бізге 54 доллар. Бидайымыздан ұн шығарып, онымен тек ішкі нарығын қамтып қоймай, біздің 66% ұнымызды сатып алатын Ауғанстанның да нарығын ұнмен қамтамасыз етуге көшті.

Хабар 24 телеарнасы