БҚО-да ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауға 1 млрд 300 млн теңге бөлінді

Батыс Қазақстан облысына биыл ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау мақсатында «Еңбек» бағдарламасы арқылы 1 миллиард 300 миллион теңге бөлінді. Соның 800 миллионы ауылдағы шаруашылықты өрістетуге, ал қалған қаражат қала кәсіпкерлерін несиелендіруге беріліп жатыр. Тамыз айына қарай қосымша тағы 500 миллион теңге бөлінбек. 

Серік Жұмашев Теректі ауданына қарасты Богдановка ауылында тұрады. Еңбекқор отбасы сүтті бағыттағы Зеңгі баба тұқымын көбейтіп, өнімін өткізуді жолға қойған. Қазір сауын сиырларының саны он сегізге жетіпті. Бұл істе ержеткен ұлы мен бойжеткен қызының да көмегі көп. Ауыл шаруашылығын қолдау бағытындағы бағдарламаны тиімді пайдаланып, су жаңа техникаға қол жеткізді. 

Серік Жұмашев, Богдановка ауылының тұрғыны:

- Фонд финансовой поддержки сельского хозяйстводан 6 процентке кредит алып, трактор алып жатырмыз, сосын сиыр алдық. Жер болса житняк егіп, қора салу керек. Баз үлкен сиырға, сауумен айналысуға. 

Серік секілді өз кәсібін өрістетуге ниетті ауыл тұрғындары үшін «Еңбек» бағдарламасының пайдасы көп. Бағдарламаға жұмыссыздар, жастар, жұмысқа қабілетті мүмкіндігі шектеулі адамдар мен аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатыса алады. Сонымен қатар ауыл шаруашылық кооперативтері мен өз ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер де несие қаржысын тиімді пайдалынып отыр.

Ербұлан Түшкенов Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры БҚОФ директоры:

- Ең 1-этапта бағдарламаға қатысушылар онлайн fagri.kz сайты арқылы предварительно өтінім беріп алдын ала одобрение ала алады. Содан кейін жүйе оларға несиеге қажетті құжаттардың тізімін береді. Сол құжаттарды жинап олар біздің қорға тапсырды. Қорға тапсырған соң құжаттарын қарап шешім шығарылады. Әрі несиелеу келісім шартына төлеу графиктері беріледі, кепілдік келісім-шартына отырып, одан кейін әрі қарай ақшасын аударамыз. 

Несиелендіру мал және өсімдік шаруашылығын дамыту, ауыл кәсіпкерлерін қолдау, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен сақтау секілді төрт бағыт бойынша жүзеге асады. Несиені қайтару мерзімі 7 жарым жыл. Соның ішінде көп балалы және аз қамтылған отбасылар үшін 4 процент жеңілдік қарастырылған.

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов

Сондай-ақ...