Қазақстаннан қарақұмық шығару квоталанады

Халықты қамтамасыз ету және қарақұмық жармасына ішкі бағаларды тұрақтандыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының шешімімен үш ай мерзімге 2021 жылғы 31 тамызға дейін ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден қарақұмық экспортына сандық шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Елорда Инфо.

Қарақұмықтың ішкі қорларының, экспорттық келісімшарттардың болуын ескере отырып, қазақстандық кәсіпкерлер үшін қарақұмық экспортын 4200 тонна шегінде жүзеге асыру мүмкіндігі сақталды.

Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Сауда және интеграция министрлігі экспорттаушылар арасында осы квотаны бөлу ережелерін талқылауда.