Еліміздегі биржалық сауда-саттық барысы онлайн қадағаланады

Сондай-ақ биржалық және биржадан тыс баға белгілеріне мониторинг жүргізіледі.

Бүгін елордадағы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі биржа комитетінің ахуалдық орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр қатысты. Бүгінде коммуналдық-тұрмыстық көмірді тауар биржалары арқылы сату жемісін беріп отыр. Өңірлік операторлар қатты отынды тікелей кеніштен алатын болды. Бұл көмір бағасының төмендеуіне әсер етті. Алғашқы сауда-саттықта «Қаражыра» және «Шұбаркөл көмір» кәсіпорындарынан 751 млн теңгеге 90 мың тоннадай көмір сатылды.