Маминнің төрағалығымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі кеңес отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жиында жаңартылатын энергия көздерін дамыту және Қазақстанның төмен көміртекті экономикаға көшу мәселелері қаралды. Қабылданған шаралар туралы Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев пен Энергетика бірінші вице-министрі Мұрат Жүребеков ақпарат берді. Премьер-министр Қазақстанның баламалы энергетиканы дамыту үшін инвестициялық ортаны жақсарту жөнінде шаралар қабылдағанын атап өтті.