Қаржы министрлігі Есеп комитетінің ескертулеріне жауап берді

Қазақстанның қаржы министрлігі Есеп комитетінің ескертулеріне жауап берді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұдан бұрын «Ұлттық қорға есептелуі тиіс қаржы мақсатсыз аударылғаны анықталды» делінген еді. Алайда, жауапты ведомство «қорға тиесілі барлық салықтар мен басқа да төлемдер толық көлемде түсті» деп сендірді. Есеп комитеті былтыр жоспарланған 1,5 трлн теңге көлеміндегі қосымша түсімдердің 7 есе төмендегенін мәлімдеді. Қаржы министрлігі өкілдерінің айтуынша, республикалық бюджетте қосымша салық түсімдерінің көлемі 470 млрд теңгеден асқан. Осылайша, ведомство дағдарыс жағдайында бекітілген жоспарлы кіріс көлемін 1,5 есе асыра орындапты. Жергілікті атқарушы органдар былтыр 296 млрд теңгені тиімсіз жұмсағаны анықталды. Қалған мемлекеттік аудит органдары бойынша қаржыны тиімсіз пайдалану айтарлықтай төмендегені байқалады.