Ұлттық қор қаржысын басқару тетіктерін қайта қарау қажет – Н.Годунова

Әлемдік экономика түбегейлі өзгеріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан шикізаттық емес табыс көзін іздеп, Ұлттық қор қаржысын басқару тетіктерін қайта қарау қажет. Есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова осындай пікірде. Оның аутынша, мұнай-газ секторына тәуелділік төлем балансының нашарлауын және ұлттық валютаның тұрақсыздығын тудырады. Ал Мемлекеттік қарыздардың артуы макроэкономикалық тұрақтылыққа қауіп төндіреді. Сондықтан, «қабылданған борыштық міндеттемелер бойынша нақты шешімдер болған жөн. Қарыз қашан, қалай және қандай көлемде қайтарылатынын белгілеу керек», – деді Годунова парламент отырысында.