Асқар Мамин Инвестициялық штаб отырысын өткізді

Биылғы бес айда Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар 25,5%-ке өскен.

Бұл туралы Премьер-Министр төрағалығымен өткен Инвестициялық штаб отырысында Ұлттық экономика министрі айтты.

15 өңірде және республикалық маңызы бар қалаларда инвестициялар бойынша өсім байқалады. Тек Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындағы көрсеткіш төмен. Дегенмен, 2025 жылға дейін Атырау облысында жалпы сомасы 10 трлн теңге болатын 110 инвестициялық жобадан тұратын пул қалыптасқан. Биыл өңірде осындай жобаларды іске асыруға 3,8 трлн теңге инвестиция тарту жоспарланған. Қызылорда облысының әкімдігі алдағы 5 жылға ауыл шаруашылығы, көлік, жеңіл өнеркәсіп, цифрландыру және денсаулық сақтау салаларында 177 жобаны іске асыруды қолға алды. Бұл туралы отырыста өңір басшылары хабарлады.