424,60 504.60 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн долларды құрады

  • 130
  • UPD: 16:19, 24.06.2021
Шымкентте ауылшаруашылық өнімінің экспорт көлемі 39 млн долларды құрады Оtyrar.kz

Шымкентте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларымен қаланы толық қамтамасыз ету – басты назарда, деп хабарлайды Оtyrar.kz.

Шымкент қаласының әкімі бұл бағытта 2 бірдей агро-индустриалды аймақ құрылып жатқанын айтты.

Бірі – заманауи өнеркәсіптік жылыжай кешені, екіншісі – «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриалды аймағы. Қазір екі агроөндіріс аймағының да жобалау-сметалық құжаттары жасақталып жатыр.

«Бүгінде Шымкентте агроөнімдерді өңдеуге басымдық берілуде. Осы жылы ауыл шаруашылығында жалпы құны 24 млрд.теңгені құрайтын 32 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Есепті кезеңде 12,8 млрд.теңгенің ауылшаруашылық өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,2 пайызға артты. Салаға бағытталған экспорт көлемі 39 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңінен 10% артық», – деді қала басшысы.

Хабар 24 телеарнасы