ҰЭМ: Бизнесті қолдау тетіктері әлі қарастырылмаған

Карантиндік шектеулер енгізілсе де, шағын бизнесті қолдау тетіктері әлі қарастырылмады.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрі арнайы ұйымдастырылған брифингте мәлімдеді.

Тиісті сараптама қолға алынған. Қандай да бір шара қолданбас бұрын елдегі эпидахуалды жіті бақылап, вакциналау барысын қадағалау қажет. Министр мемлекеттік қордан бюджетке аударылатын трансферт көлемі біртіндеп азайтылатынын тілге тиек етті. Мысалы, биыл қаржы мөлшері 2,7 трлн теңгеге дейін төмендеген. Келер жылы 2,4 трлн, ал 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге дейін қысқарту жоспарда бар. Мемлекеттік қордан бөлінетін қаржы бұдан былай инфрақұрылымдық және әлеуметтік даму жобаларына ғана бағытталады.