Astana Finance Days 2021 конференциясына тіркелу ашылды

Astana Finance Days 2021 жыл сайынғы конференциясына тіркелу ашылды.

Astana Finance Days (AFD) – бұл «Астана» халықаралық қаржы орталығы жыл сайын өткізетін өңірлік қаржы форумы. 2018-2020 жылдары AFD әлемнің 100 елінен 13000-нан астам қатысушыны жинады. 2020 жылы форумға 100-ден астам елден 5000-нан астам тіркелген қатысушы қатысты.

1-3 шілдеде АХҚО-ның негізгі стейкхолдерлері мен серіктестері нарықтарға дағдарыстан қалыпқа келуге мүмкіндік беретін инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынады.

«Өсуді қалпына келтіру» жалпы тақырыбына арналған онлайн-конференция бағдарламасы келесі іс-шаралардан тұрады:

▪ Fin&Tech Summit:

o Visa сессиялары

o Mastercard сессиялары

o Fin & Tech

▪ Business Connect Форумы

▪ Жасыл өсу форумы

▪ Макроэкономикалық форум

▪ Әйелдердің экономикалық мүмкіндіктерін кеңейту форумы

▪ Білім беру технологиялары форумы

▪ АХҚО құқық конференциясы

▪ Ислам капитал нарығы жөнінде ISFB-AIFC семинары және т. б.

Онлайн-конференцияның спикерлері мен қатысушылары қатарында жергілікті және шетелдік мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, бизнестің, кәсіби және ғылыми қоғамдастықтың және т.б. өкілдері болады.

Конференцияның өзін мына сілтеме арқылы көре аласыз.