Елде құрылыс саласындағы қызметтің ақысы 12% қымбаттап кетті

«Енерджипром» мәліметтеріне қарағанда бұл барлық салалардың ішінде ең үлкен қымбатшылық.

Мәселен, өндіріс саласында 0,1, ауылшаруашылық саласында 5 процент жоғарылаған. Тіпті карантин кезінде табысы еселенген ақпарат және байланыс саласының өзінде қымбатшылық 10 проценттен асқан жоқ. Мәліметтерге қарағанда бүгінде құрылыс саласында шамамен 630 мыңдай адам жұмыс істейді. Бұл республикада жұмыспен қамтылғандардың 7 процентіне тең. Соның өзінде құрылыс компаниялары жұмысшы жетіспей жатқанын айтады. Өйткені шетелден келетін еңбек мигранттары күрт азайған.